Мәжіліс Салық кодексіне Сенат ұсынған түзетулерді қабылдады

Заңнама Президенттің қол қоюына жолданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс Салық заңнамасына қатысты Сенат ұсынған түзетулерді қабылдады. Бұған дейін жоғары палата депутаттары жаңа құжатты кері қайтарған болатын. Енді Салық заңнамасы Мемлекет басшысының қарауына жолданады. Егер Президент қол қойса, жаңа кодекс келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Салық кодексі бойынша бүгінгі қабылдаған нормалар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ол нормалар көбіне салық әкімшіліктерін жеңілдетуге, цифрландыруға бағытталған. Бүгінгі Салық кодексіне өзгерістер енгіздік», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Жаңа Салық кодексінде бірнеше маңызды өзгеріс бар. Енді жылдық табысы 900 млн теңгеден асатын фермерлерге 4.5 пайыз салық салынады. Бұл бұрын болмаған еді. Ал отандық биржалардағы табысқа салық салынбайды. Бұл халықаралық биржалармен тең бәсекені қамтамасыз ету үшін жасалыпты. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 10 адамнан көп жұмыс істейтін кәсіпорындар қосылған құн салығынан босатылады. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығы, қаржы нарығы және әлеуметтік қолдау салаларына тікелей әсер етеді.  

«Сенат Салық кодексіне 131 түзету енгізді. Оның ішінде 41 позиция бойынша Кодекстің тұжырымдамалық тұстарын өзгертпейтін жаңа нормалар ұсынылды. 70 позиция бойынша мәтін, сондай-ақ өтпелі ережелер мен жекелеген нормативтік құқықтық актілерді енгізу мерзімдері нақтыланған және жетілдірілген. 20 позицияда салық әкімшілендіру бойынша нормалар нақтыланады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.

Оқи отырыңыз: Кәріз жүйесі жоқ: Бейнеудегі көпқабатты үйлер су астында қалды

Новости партнеров