Магистратураға тапсырған 100-ге жуық адамның тесті жойылды

Isabella Fischer/ unsplash.com/
Isabella Fischer/ unsplash.com/

67 адам тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтуге тырысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 21 шілде күні басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 39 мыңнан астам талапкер қатысты. Жалпы 51 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

  • Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша тест тапсырғандардың 52%-ы шекті балл жинады.
  • Бейінді бағыт бойынша бұл көрсеткіш 21%-ды құрады.

Орташа балл:

  • Ғылыми-педагогикалық бағыт – 78 балл;
  • Бейінді бағыт – 23 балл.

Ең жоғары нәтиже – 139 балл.

Тестілеу барысында 99 талапкердің нәтижесі жойылды:

  • 67 адам тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтуге тырысқан;
  • 31 адам тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды;
  • 1 бөгде адамның тестілеуге кірмек болғаны анықталды.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беруге болады:

  • Апелляцияға тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш беру қажет;
  • Шағым 7 жұмыс күні ішінде қаралады;
  • Сертификат апелляция шешімінен кейін жеке кабинетте қолжетімді болады.
  • Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – кемінде 75 балл;
  • Бейінді бағыт бойынша – кемінде 30 балл.

Биыл магистратураға оқуға 13 мыңнан астам білім беру гранты қарастырылған. Кешенді тестілеу 7 тамызға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Биыл 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

Новости партнеров