Мақтааралда аяғы комбайнға қысылған жасөспірімнің жағдайы ауыр

Оқыс оқиға Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мақта алқабының бірінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалған. Оқыс оқиға Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мақта алқабының бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 жастағы жасөспірім комбайн жөндеп жатқан. Сол сәтте аяғы орақ тетігіне қысылып қалып, өздігінен босап шыға алмай қалған. Сосын құтқарушыларды шақыртыпты. Олар келгенге дейін жасөспірім көп қан жоғалтып, есінен танып қала жаздапты. Құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен босатып алған. Қазір жасөспірім ауруханада.

«Жансақтау бөлімінде науқасқа хирург, қан тамыр хирургы, реанимотолог мамандармен жұмыла қарап, ауыр жарақаттарына хирургиялық ем жасап, науқасқа керекті диогностикалық іс-шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы қазір ауыр, бірқалыпты», – деді Жетісай көпбейінді аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігері Нұржан Әбдешев.

Оқи отырыңыз: Дәмханадаға жанжал: Қызылордада үш күдікті ұсталды