Дәмханадаға жанжал: Қызылордада үш күдікті ұсталды
Төбелес соңы қайғылы оқиғамен аяқталып, 20 жастағы тұрғын көз жұмған
Қызылордада 20 жастағы жігіттің өліміне қатысы болуы мүмкін деген үш күдікті ұсталды. Қылмыстық оқиға 8 қазанда қаладағы дәмханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қонақтар арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталып, 20 жастағы тұрғын көз жұмған. Полиция департаменті 19 күннен кейін ғана үш азаматтың ұсталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Аталған оқиға бойынша 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген барлық бейнежазбалар зерделенді. Оқиғаға өзге де тұлғалардың қатысы болу мүмкін екендігі тексерілуде. Әрбір қатысушының рөлі мен қатысу дәрежесіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Әлтай.
Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 21,7 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты