Маңғыстау қауіпсіз аймақтардың қатарына қосылды

11.06.2025 16:12

Адам өлтіру, алаяқтық, тонау деректері күрт төмендеген

Маңғыстау ел бойынша қауіпсіз аймақтардың қатарына қосылды. Өйткені мұндағы қылмыс 11 пайызға азайып, криминогендік жағдай тұрақталған. Бұл туралы облыстық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокурорлар жыл басынан бері есірткіге қатысты және интернет алаяқтық қылмыстарға баса назар аударған көрінеді. Нәтижесінде есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталып, олардан 1 млрд теңге мен 200 мың доллар тәркіленген. Адам өлтіру, алаяқтық, тонау деректері күрт төмендеген. Қоғамдық көліктердегі ұрлық та сиреген. Кеңесте отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жастар арасындағы қылмысты азайту жолдары талқыланды.

 «Алаяқтық қылмыстарды қолға алдық. Ол бойынша түсіндіру жұмыстарын көбейттік. Осы жұмысқа мекеме орындары басшыларын бірге тарттық. Соның нәтижесінде алаяқтық қылмыстар 30 пайызға азайды. Жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстар азайып келе жатыр», – деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Данияр Төлегенов.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы 65 мектеп асханасында санитарлық норма сақталмаған