Маңғыстау облысында есірткі көтеріп жүрген ер адам ұсталды

Depositphotos
Depositphotos

Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұлан қызметкерлері қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.

«Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды», - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.

Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ұландықтар Ақтауда жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

Новости партнеров