Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды
Бүгін таңғы сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы) жабылды.
Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы) жол қозғалысы щектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) жол жабық.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында есірткі көтеріп жүрген ер адам ұсталды