Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаз қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полиция органдары қылмыстық іс қозғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметінің Шекара қызметінен хабарлады.

«7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі - техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы», - делінген хабарламада.

Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовтың ісін қайта қаралып жатыр

Новости партнеров