Маңғыстауда балабақша директоры мен есепшісі сотталып кетті

Sasun Bughdaryan/unsplash.com/
Sasun Bughdaryan/unsplash.com/

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шотына заңсыз аударып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда балабақша директоры мен есепшісі сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олар ата-аналардың төлеген қаражатын өздерінің жеке шотына заңсыз аударып, мемлекетке 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Куйкен» балабақшасында қаржы саласында заң бұзушылықтарды анықтады.

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шотына заңсыз аударып келген. 

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

"Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, оған заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Ал, есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды

Новости партнеров