Министрлік жазда бағаның өсуіне жол бермеуді жоспарлап отыр

Асқар Шаққалиевтің сөзінше, өзге тауарлардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 1,5 пайыз өскен. Сауда және интеграция министрі бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есе төмен деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Асқар Шаққалиевтің сөзінше, өзге тауарлардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Ведомство басшысы «Үкіметтің басты мақсаты – тапшылыққа жол бермей, бағаның өсуін тежеу» дейді. Ол үшін «жасыл дәліздер» жүйесі, отандық өндірушілерді қолдау сияқты тетіктерді қолданып отырғанын жеткізді. Министрлік көлеңкелі импортпен күресті де күшейткен.

«Біздің міндетіміз – нарықты толықтыру, яғни тапшылыққа жол бермеу. Осы мақсатта тиісті шаралар қабылданып жатыр, нәтижесінде сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы сақталып, бәсекелестік қалыптасады. Басты мақсат – бағаның өсуіне жол бермеу. Яғни баға индексі нөл деңгейінде болуы тиіс. Мамырда осы нәтижеге қол жеткіздік – индекс нөл болды. Сондықтан жаз мезгілінде де бағаның өсуін болдырмау – негізгі міндет», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Новости партнеров