Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, «ақылды» тұрғын үй концепциясын ұсынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері «SMART KIIZ ÜI» инновациялық әзірлемесін таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, «ақылды» тұрғын үй концепциясын ұсынады.

Атап айтқанда, киіз үй баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін және есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады. Сонымен қатар ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік мақсатында өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған.

Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Бұл бастама студенттердің IT, энергетика және дизайн бағыттарындағы білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын көрсетеді. Сонымен қатар мұндай жобалар өңірдің инновациялық және цифралық дамуына серпін береді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық нақышта безендірілген ерекше аула: шымкенттік отбасы қазақ үйде тұрып келеді

Новости партнеров