Зардап шеккендердің арасында балалар да бар
Маңғыстауда қарақұрт қаптап барады. Биыл улы өрмекшінің белсенділігі әдеттегіден ерте басталған. Биыл 8 адамды қарақұрт шағып, ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Батыр ауылының тұрғыны Жұпар Сүйетованы өткен аптада қарақұрт шағып алған. Улы жәндік оны қорадағы малға шөп салып жүрген кезде тістепті. Алғашында мән бермей, өздігінен ем қабылдамақ болған. Алайда аз уақыт ішінде жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.
«Жуынып, спирт жақты, болмады. Қол-аяғым ұйып, жедел-жәрдем қызметіне хабарластым. Жан сақтау бөлімінде бір күн жатқызды. Аман есен көзімді ашқызып, палатаға ауыстырды. Дәрігерлерге, раөмет!» – деді Батыр ауылының тұрғыны Жұпар Сүйетова.
Оқи отырыңыз: Қызылордада аттракционда жарақат алған жігіттің аяғы кесілді: Полиция қылмыстық іс қозғады