Маңғыстауда өгей қызын зорлады деп күдікке ілінген азамат өзіне қол салды

Ер адамның мәйіті үй ауласындағы жылыту қазандығы тұратын бөлмеден табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда 13 жастағы қыз балаға жыныстық зорлық жасады деп күдікке ілінген ер адам өзіне қол жұмсап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек қыздың өгей әкесі 20 қаңтарда өзін мылтықпен атқан. Ал қызды зорлау туралы дерек 24-қаңтарда тіркелген. Ер адамның мәйіті үй ауласындағы жылыту қазандығы тұратын бөлмеден табылған. Қазір екі жағдай бойынша тергеу жүріп жатыр.

 «Аталған дерек бойынша полициямен ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «кәмелетке толмағанды зорлау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді», – деді  Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Оқи отырыңыз: Талап күшейтіледі: елімізде автокөлік жуу бекеттері суды үнемдеуі тиіс

Новости партнеров