Министр №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасын аралады
«Медициналық қызмет қалада да, ауылда да тең дәрежеде қолжетімді болуы керек». Алматыға іс-сапармен келіп, бірқатар нысанды аралаған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осылай деді. Министр №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасын аралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда ол қабылдау бөлімі, реанимация, ота блогы және клиникалық фармация бөлімшелерін тексерді.
Айта кетейік, соңғы 2 жылда аталған ауруханаға 20-дан аса инновациялық әдіс енгізіліп, жоғары технологиялық хирургия қарқынды дамыған. Мұнда жыл сайын 90 мыңға жуық бала ем қабылдайды. Медициналық мекемелердің әл-ауқатымен танысқан еліміздің бас дәрігері жұмыс барысында халықпен де жүздесті. Азаматтарды қабылдаған шенеунік алғашқы көмек көрсету, дәрімен қамтамасыз ету сынды мәселелерді талқылады. Сапар соңында Ақмарал Әлназарова БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
«Президенттің қойып отырған талабы – алдымызға ауылдық жерде көрсетіліп отырған медициналық қызмет қалалар да, өңірлер де барынша теңестіру. Барынша халыққа қызметті қолжетімді жасау. Ол үшін де үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Шұғыл көмек көрсететін емхана жанындағы бөлімшелер ашылып жатыр. Бүгінгі таңда 600 ден астамы ашылды. 900-ден астам мобильді топтар жасақталынып, жұмыс жасап жатыр. Осының барлығы әрине бір мезгілде нәтиже бермегеніменен озық тәжірибие енгіздік», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында тышқандарды улау шаралары жүріп жатыр