Дәрігер қателігінен зардап шеккен науқасқа ақы төленеді

05.11.2024 20:54

Жаңа талап бойынша медициналық ұйымдар дәрігерлерге сақтандыру шартын жасауға міндеттеледі

Елімізде дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төлеуді міндеттейтін жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол ақ халаттылардың кәсіптік жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа талап бойынша медициналық ұйымдар дәрігерлерге сақтандыру шартын жасауға міндеттеледі. Құжат Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Кейін сақтандырудағы төлемдер дәрігердің қателігінен зардап шеккен науқасқа төленетін болады.

"Жаңа институт – әлемдік тәжірибеде бар. енді енгізіп жатырмыз. Мөлшері анықталған. Барлығы мемлекеттік қаражат есебінен көзделген. Медициналық қызметкер қалтасынан төлемейді. Келтірілген барлық мөлшер кодекске енгізілген. Өлім болса, 3000 АЕК, мүгедектік 500-800 АЕК, оған дейін 300 АЕК төлеу көзделген", – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің директоры Серікбосын Темірханов.

Оқи отырыңыз: Елімізде 1 млн адам банк алдындағы берешегін өтемеген