Мегаполисте қоймадан шыққан өрт толығымен сөндірілді

ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге 85 өрт сөндіруші мен 22 техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кеше түнде Солтүстік айналма тасжолының маңында орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында жанындағы ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің автопойызы жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру жұмысы ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне және жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындағанымен, оқиға орнында өрт сөндіру орталығы құрылды. Өртті сөндіруге 85 өрт сөндіруші мен 22 техника жұмылдырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір 1900 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоймадағы өрт сөндіріліп жатыр

Новости партнеров