Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданды
Қарағанды облысында «мектепте оқушыларға қатысты заңсыз әрекеттер жоспарлануда» деп елдің үрейін ұшырғандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылады. Дүйім жұртты дүрліктірген дерекке қатысты тәртіп сақшылары тексеріс жүргізді. Нәтижесінде оқушылардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екені анықталды. Қазір барлық жалпы білім беру ұйымы полицейлердің бақылауына алынған. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданды.
«Полиция департаменті халық арасында, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы әдейі жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңда көзделген қатаң шараларды, оның ішінде бас бостандығынан айыруды да қамтиды. Ата-аналарды сабыр сақтауға, арандатушылық сипаттағы ақпаратқа ермеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз. Жағдай ішкі істер органдарының толық бақылауында», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Солақай балалар: Түркістан облысында ерекше сынып бар