Алматыда 17 желтоқсанда сағат 19:00-де «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің гала-тұсаукесер көрсетілімі ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрсетілімге тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері мен депутаттар, дубляж актерлары, журналистер мен блогерлер қатысады.
«Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға.
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» туындыларының қазақ тіліндегі дубляжы кассалық табыс үлесі бойынша жаңа рекорд орнатты.
ОҚи отырыңыз: Тәуелсіздік күні: "Мәңгілік ел әуендері" байқауы мәресіне жетті