Тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді
2025-2026 жылдардың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жөнінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады.
"Бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, оқушылар онлайн оқытуға көшіріледі", — делінген комитет таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды