Мемлекет қаржысына елорда төрінен екі бөлмелі пәтер алғандар анықталды

 Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет қаржысын талан-таражға салып, оған елорда төрінен екі бөлмелі пәтер алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты тергеу басталды. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөлу арқылы бағасын жоғары етіп көрсеткен. Бұл құйтырқы әрекетін жүзеге асыру үшін жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Осылайша, олар мемлекетке 115 миллион теңге көлемінде шығын келтірді. Қазір бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылса, сыбайласы үй қамақта отыр.

«Ол өзіне бағынысты, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Сонымен қатар жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген. Ауруханадан аталған компаниялардың есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлген», – деді ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Новости партнеров