Құтыру ауруы: Ақмола облысындағы ауылда санитарлық бақылау қатаңдады

Оқиға Ерейментау ауданына қарасты Еркіншілік ауылында тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында түлкінің шабуылынан екі бірдей тұрғын медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Ерейментау ауданына қарасты Еркіншілік ауылында тіркелген. Бұған дейін дәл осы елдімекенде үй жануарларының құтыру дертіне шалдыққан түлкімен байланысқа түскені анықталып, алдын алу мақсатында арнайы шектеу шаралары енгізілгені.

Алайда сақтыққа қарамастан, қауіп сейілмей тұр. Ветеринарлар жабайы аңнан құтырма дерті расталғанын мәлімдеді. Қауіптің алдын алу үшін ауыл толықтай дезинфекцияланып, санитарлық бақылау қатаңдады.

 «Түлкі қораға кірмек болып әрекеттенген. Үй иесі оған итін босатып, кейін таяқпен ұрып өлтірген. Жануардың денесі арнайы орынға жеткізіліп, жойылған. Екінші оқиға да Ерейментау ауданындағы ауылда 30 қазанда тіркелді. Бұл жолы түлкі қоршауға қысылып қалып, оны шығарып алмақ болған үй иесін тістеп алған. Аталған жағдайлардың барлығында зардап шеккендерге екпе салынды. Қазіргі таңда олардың жағдайы қалыпты», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Смағұлова.

Оқи отырыңыз: Мемлекет қаржысына елорда төрінен екі бөлмелі пәтер алғандар анықталды

Новости партнеров