Менің атым – Қожа: Алматыдағы қуыршақ театрында Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы сахналанды

Жаңа спектакльде көрерменге бұрыннан таныс Қожаның бейнесі жаңаша қырынан ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында тұңғыш рет Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасы сахналанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көріністі қоюға актерлер 1 ай көлемінде дайындалыпты. Бұл – театр ұжымының 90-маусымындағы ерекше сахналарының бірі. Жаңа спектакльде көрерменге бұрыннан таныс Қожаның бейнесі жаңаша қырынан ашылды. Оның тентектігі мен еркелігінің астарында жатқан адамгершілік, қамқорлық қуыршақ тілімен әсерлі баяндалды.

«Киноны көрдіңіздер деп ойлаймын. Сол киноның дәрежесіне жете аламыз ба, Жоқ па? Түрлі сұрақтар болды. Қуыршақты сөйлетіп, түрлі түс сахнасында, басқа да сахналарында қызықты оқиғалармен келістіре отырып жасадық. Көрерменнің ойынан шығады деген ойдамыз», – деді актер Ернар Оралов.

«2026 жылы жоспарларға сәйкес, халықтан түскен ұсыныстың негізінде іріктеп, жаңа қойылымдары бірлесе насихаттайтын боламыз», – деді Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

Новости партнеров