Сайысқа Наурызбай ауданының білім беру мекемелерінен 70-ке жуық бала қатысқан
«Менің Отаным – Қазақстан!». Республика күні аясында Алматыдағы № 200 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында осындай тақырыпта шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайысқа Наурызбай ауданының білім беру мекемелерінен 70-ке жуық бала қатысқан. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған байқауда 5-7 сыныпта оқитындар бақ сынады.
"Байқаудың негізгі мақсаты – ұлықты ұрпақ болатын болашағына бағдар алушы шәкірттерімізге қазақи құндылықты бойына сіңіріп, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, жерін құрметтеуге және шығармашылыққа баулу", – деді № 200 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ердос Рахманбердиев.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жаңа өнер мектебінің құрылысы басталады