Мереке қарсаңында мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

elements.envato.com
elements.envato.com

Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "Ұстаздар" күніне орай мұғалімдерге гүл сыйлау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі.

Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру - біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Петропавлда 4 жастағы бүлдіршін аса ауыр жарақатпен ауруханаға түсті

Новости партнеров