Петропавлда 4 жастағы бүлдіршін аса ауыр жарақатпен ауруханаға түсті

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда 4 жастағы бүлдіршін аса ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Елді есеңгіреткен оқиғадан соң жергілікті Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, дәрігерлерге жеткізілгенде бүлдіршіннің денесінде сау жер қалмай, ауыр жарақат мен жабық сынық анықталған. Баланың анасы бұл жағдайды «баспалдақтан құлап кетті» деп қана түсіндірген. Алайда дәрігерлер оның жағдайының ауырлығына қарап, бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Тергеу басталысымен отбасының үлкен баласы қолдау орталығына орналастырылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сол уақытта анасы кіші ұлымен бірге ауруханадан қашып кетпек болған. Қазір тергеп-тексеру амалдары барысында әйелді уақытша ата-ана құқығынан айыру жайлы шектеу қойылды.

"23 қыркүйекте қаладағы емдеу мекемелерінің біріне дене жарақаттары бар 4 жастағы ер бала жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлық, орташа зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді СҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Мадина Ерғалиева.

Петропавлда төрт жастағы бүлдіршін аса ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. Елді есеңгіреткен оқиғадан соң жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, дәрігерлерге жеткізілгенде бүлдіршіннің денесінде сау жер қалмай, ауыр жарақаттар мен жабық сынық анықталған. Баланың анасы бұл жағдайды «баспалдақтан құлап кетті» деп қана түсіндірген. Алайда дәрігерлер оның жағдайының ауырлығына қарап, бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Тергеу басталысымен отбасының үлкен баласы қолдау орталығына орналастырылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сол уақытта анасы кіші ұлымен бірге ауруханадан қашып кетпек болған. Қазір тергеп-тексеру амалдары барысында әйелді уақытша ата-ана құқығынан айыру жайлы шектеу қойылды.

"23 қыркүйекте қаладағы емдеу мекемелерінің біріне дене жарақаттары бар 4 жастағы ер бала жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлық, орташа зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді СҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Мадина Ерғалиева.

Оқи отырыңыз: Алматыда қарттар күнін қалай атап өтті

Новости партнеров