Мереке күндері барлық нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет – Олжас Бектенов

Өңірлерде мыңға тарта жаңа жылдық шырша мерекесі, концерттер, фестивальдер және өзге де  іс-шаралар жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер мен құтқару қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның 22 мыңға жуық қызметкері елдімекендерде тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлерде мереке күндері мыңға тарта жаңа жылдық шырша мерекесі, концерттер, фестивальдер және өзге де  іс-шаралар жоспарланған. Осыған байланысты барлық жерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетке айналды. Әсіресе, отшашу қолданылатын орындарға ерекше назар аударылмақ. Полицейлер республика бойынша рейдтер жүргізіп, сапасыз әрі талапқа сай емес пиротехникалық бұйымдарды анықтауда. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде айналымнан 700 бірліктен аса және 97 қорап сертификатталмаған пиротехника алынды.

«Іс-шаралардың басым бөлігі адамдар жаппай жиналатын нысандарда, сондай-ақ ойын-сауық және қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы өтеді. Бұл өрт қаупінің артуына әкеледі. Сондықтан барлық нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Қыста сақтық шарасын сақтаңыз: таулы жерде адасып кеткендер саны көбейген

 

 

Новости партнеров