Қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ pki.gov.kz жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Кілттерді қайта шығару кезінде қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:
Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.
«Қабылданған шара пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған және кілттерді қайта шығару процесін сенімдірек етеді», - делінген ҰАТ хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Мереке күндері барлық нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет – Олжас Бектенов