Жантүршігерлік оқиға Шардара ауданында болған
Түркістан облысының бас имамы әкесін аяусыз қорлаған ер адамға қатысты пікір білдіріп, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін күдіктінің мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда өңірдің бас имамы Ержан Төлепов желіде жүрген бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға Шардара ауданында болған. Жарымжан қарияны ұлы төпелеп ұрып, сүйреген. Таяқтың астында қалып, қорлық көрген ақсақалдың дүние салғаны мәлім. Ал оның ұлы ауданға танымал асаба екені анықталып отыр. Полиция ер адамның үстінен іс қозғап, қамауға алды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзгеде ақпараттар жария етілмейді», – деді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан.
Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды оқиға: лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды