Металл бөлшегі көздің түбіне қадалған: офтальмологтар науқастың көру қабілетін сақтап қалды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқиға көлікті жөндеу кезінде болған, ұшқан металл сынығы науқастың көзіне тура тиген.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік жөндеу кезінде көз жарақатын алған науқастың көру қабілетін Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКА) офтальмологтары сақтап қалды. деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға көзіне аса қауіпті жарақат алған науқас жеткізілді: металл бөлшегі көз алмасын тесіп өтіп, көздің түбіне қадалған. 

Бұл оқиға көлікті жөндеу кезінде болған, ұшқан металл сынығы науқастың көзіне тура тиген.

Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова бастаған мамандар тобы МӘМС аясында шұғыл ота жүргізді.

Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында бөгде зат көзден алынып, науқастың көру қабілеті сақталды.

«Мұндай жағдайда бір сәт те кешікпей, дереу дәрігерге қаралу аса маңызды. Өте кішкентай сынықтың өзі көзге ауыр зақым келтіріп, асқынып кетуі мүмкін», — деді Гүлзат Әбдірайымова.

Мамандар металлмен немесе құрал-сайманмен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін кию қажеттігін ескертеді. Бұл көз жарақаттарының алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың тәжірибелі офтальмологтар тобы ТМККК және МӘМС жүйелері аясында кез келген уақытта білікті мамандар жедел көмек көрсетуге дайын екенін хабарлайды.

Оқи отырыңыз: Көз аурулары: Алматыда италиялық маман шеберлік сағатын өткізді

Новости партнеров