Министр жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты жаңа мәлімет айтты

Instagram/akmaralalnazarova
Instagram/akmaralalnazarova

Шарасыз әйелдің видеоүндеуі әлеуметтік желіде жарияланған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 13 желтоқсанында Жезқазғандағы екі жасар Алисаның анасы қызын елордаға шұғыл тасымалдауды сұрап, денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрады. Шарасыз әйелдің видео үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап деп хабарлайды.

Кейін министр Ақмарал Әлназарова сәбиді санитарлық авиациямен Астанадағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеп, дәрігерлер баланы аяғынан тік тұрғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Ал бүгін, 2025 жылғы 17 желтоқсанда Әлназарова Астана қаласындағы балалар стационарына барып, Жезқазғаннан жеткізілген кішкентай Алисаның жағдайынан қанықты. 

"Алғашқы күндерден бастап оның жағдайы дәрігерлердің ерекше бақылауында. Стационар жағдайында қосымша диагностикалық зерттеулердің толық кешені жүргізілді, баланы жоғары білікті мамандар қарап-тексерді, қарқынды терапия жалғастырылуда. Бүгінгі таңда Алиса­ның жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады, қабыну көрсеткіштері төмендеуде. Бала есін біледі, өздігінен тыныс алуда, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты. Емдеу жалғасуда. Жағдайды жеке бақылауымда ұстап отырмын. Қазіргі уақытта ең бастысы — баланың денсаулығы. Дәрігерлер Алиса­ның мүмкіндігінше тезірек сауығып кетуі үшін барлық қажетті шараларды жасауда", - деді Ақмарал Әлназарова.

Бұған дейін Жезқазғанда екі жасар қыз жансақтау бөліміне түскенін, анасы дәрігерлерді кінәлап, жоғарыдан көмек сұраған болатын.

Оқи отырыңыз: Анасы дәрігерлерді кінәлайды: Жезқазғанда екі жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

Новости партнеров