Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы ақпаратқа байланысты түсініктеме білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді. Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында», - делінген министрлік хабарламасында.
М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады.
Оқи отырыңыз: Үкіметте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесі талқыланды