Атырауда зираттарды қиратқан вандалдар ұсталды. Полиция іздестіру шаралары кезінде үш оқушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Әзірге ұлдардың не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз. Заңды өкілдерінің қатысуымен олардан жауап алынып жатыр.
Еске салсақ, осы аптада Еркінқала ауылында әлдекімдер бейіт басындағы айшықтарды сындырып, құлпытастарды қиратып кеткенін жазған едік.
«Еркінқала ауылындағы зираттарды бүлдірген үш күдікті жасөспірім анықталды. Қазіргі уақытта заңды өкілдерінің қатысуымен олардан жауаптар алынып, толық мән-жайды анықтау үшін кешенді шаралар қабылданды. Тергеу жүріп жатыр. Айта кету керек ішкі істер органдарына есепке қою жоспарланып отыр. Құжаттар жасөспірімдер ісі бойынша комисияға жіберіледі, ал ата-аналары тиісті тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылады», – деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: «Наркоз алуына болмайды: Педиатр үш жастағы қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады