Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өседі

25.07.2025 15:01

Үстемақы аймақ мәртебесі өзгерген күннен бастап екі жыл бойы төленбек

Almaty.tv

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы артады. Өсім кемінде 25 пайыз болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған өзгеріс бұрын ауыл мәртебесіне ие болып, қазір қалаға айналған елді мекендердегі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бәріне қатысты. Үстемақы аймақ мәртебесі өзгерген күннен бастап екі жыл бойы төленбек.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесіне толықтырулар енгізген.

 Бұл қаулы 24 шілдеден бастап күшіне енді және 2024 жылғы 10 қаңтардан бергі еңбек қатынастарын қамтиды.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 196 мың адам жұмысқа тартылды