Мүгедек қызды зорлаған бір топ еркектің біреуі ғана күдікті деп танылған

Анасының айтуынша, ер адамдар қыздың психикалық ауытқуы бар екенін пайдаланып, оны алдап қонақүйге алып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Қордай ауылында бір топ ер адам 14 жастағы ерекше қажеттілігі бар қызды зорлап кеткен. Салдарынан жасөспірім жүкті болып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға мамырда болған. Анасының айтуынша, ер адамдар қыздың психикалық ауытқуы бар екенін пайдаланып, оны алдап қонақүйге алып кеткен. Сол жерде топпен зорлаған. Одан кейін жасөспірімді көлікпен көшеге әкеліп тастаған. Сол мезетте қызды бірнеше жігіт тағы ұрлап, дәретханада зорлағанын айтады. Жәбірленушінің анасы арыз жазып, сараптама жасатуға гинекологқа барған. Сонда 5 адамның биологиялық материалы анықталған. Алайда іс жылжымай жатқан көрінеді.

«Біреуі туалетке апарып зорлапты. Жамбыл облысы Қордай ауданында саябақта зәбір көрсеткен. Олар кінәсін мойындады. Бірақ тергеу жүрмей жатыр», – деді жәбіренушінің анасы.

Бастапқыда жүкті болған жасөспірімді Алматыдағы «Аналар үйіне» жатқызған. Алайда психикалық жағдайына байланысты оны бірнеше күннен соң шығарып жіберген. Қазір қорланған қыз жүктіліктің 15-аптасында. Денсаулығына орай жасанды түсік тастауға да болмайды.

«Ол өзінің денсаулығына қауіпті болып тұр ғой. Жасы әлі жетпеген, кәмелет жасқа толмаған. Қазір 15 апта ғой 41 аптаға дейін қалай жеткізетініміз әлі белгісіз», – деді Қордай аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Сара Сұраншиева.

Әзірге бір адам ғана күдікті ретінде танылған. Ал Жамбыл облыстық Полиция департаменті аталған іске байланысты қылмыстық іс қозғап, бір күдіктіні қамаққа алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Ал жәбірленушінің анасы қылмыскерлердің бәрі бірдей жазалануын талап етуде.

Нұрғиса Қаржаубай Мейіржан Бейсебай, Жамбыл облысынан

Оқи отырыңыз: ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан азамат ұсталды

 

Новости партнеров