Мұқағали Мақатаев-95: Алматыда әдеби-сазды кеш өтті

Almaty.tv
Almaty.tv

Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы дәріптелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Талант табыстырған тағдырлар» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Рухани жиында қазақ өнерінде өшпес із қалдырған қос тұлғаның шығармашылық байланысы кеңінен дәріптелді. Композитор ақын өлеңдеріне әуен жазып, халық сүйіп тыңдайтын көптеген әндер дүниеге келген. «Отырар сазы» оркестрі, дәстүрлі әншілер мен ақын-жазушылар қатысқан іс-шарада әннен шашу шашылып, ақынның поэзиялық шығармалары оқылды.

«Ұлы композитор мен ұлы ақынның достығы туралы аңызға бергісіз әңгімелер бар. 30 күнде 31 ән шығарды деп айтады. Сондықтан да бұл той жалғаса береді. Бұл – қазақтың жүрегіне өте жақын той. Мұқағалиді халық ұмытпайды. XXI ғасырға өттік, Мұқағалидің даңқы биіктеп бара жатыр», – деді ақын Әділғазы Қайырбеков.    

 «Мұқағали «мен келер ғасырдың адамымын» деп өзі айтқандай халықтың үлкен ықыласына бөленген ұлы тұлғаның шығармашылығын дәріптеуге, соны әрі қарай жалғастыру – әрқайсысымыздың парызымыз. Бүгінгі кеш – соның айғағы, куәсі болып отыр», – деді Н. Тілендиев мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Нұрмұхан Шәймерденов.

Оқи отырыңыз: Келемін деушілерге есік ашық: Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасын тамашалауға шақырды

Новости партнеров