Мырзахметов ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылды – Антикор

primeminister.kz
primeminister.kz

Аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн», - делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтегенін мәлімдеді.

«Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атырауда бірнеше рет пара алған шенеунікке сот үкімі шықты

Новости партнеров