Алматыда «Әділет» партиясы жаңа Конституция қағидаттарын белсенді іске асыруға үндеді

02.07.2026 16:46

Партияның Алматы қалалық филиалының басшысы болып Станислав Канкуров сайланды

партия «Әділет»

2 шілдеде «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Конференция барысында Алматы қаласындағы партия мүшелері Жаңа Конституция қағидаттарын белсенді іске асыруға үндеді. Конституциялық реформаның Әділетті Қазақстанды құру мен заң үстемдігін нығайтудың берік құқықтық негізі ретіндегі тарихи маңызы атап өтілді.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес филиал төрағасы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының басшысы болып Станислав Владимирович Канкуров сайланды. Станислав Канкуров Алматы қаласы мәслихатының үш шақырылымының депутаты болып сайланған, қоғамдық-саяси салада көпжылдық тәжірибесі бар.

Әр жылдары партияда басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы болған. Ғылым докторы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Саяси кеңестің құрамына шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, экология және құқық салаларының өкілдері, даму институттары, жастар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қала экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі саласын танытатын өзге де өкілдер енді.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауына үгіт-насихат 23 шілдеде басталады - ОСК