Тәртіп пен қауіпсіздік: Алматы прокуратурасы көшелердегі бақылауды күшейтуде
Depositphotos
Өткен тәулікте Алматыда 1 622 ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында 1 622 Жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, оның 132-сі — өрескел заңбұзушылықтар, олар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген.
Анықталған негізгі эереже бұзушылықтар:
- Көлікті мас күйінде басқару — 16;
- Көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның рөлге отыруы — 1;
- Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу — 4;
- Манёвр жасау ережелерін бұзу (оның ішінде «шашки» түріндегі қауіпті манёврлер) — 42;
- Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану — 16;
- Қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету — 6;
- Қауіпсіздік белдігін тақпау — 47.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 34 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41