Нағымбек Нұрмұхаммедов-100: қылқалам шеберінің көрмесі өтті

Нағымбек Нұрмұхаммедовтың тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың бейнелеу өнерінде өшпес із қалдырған суретші Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туғанына 100 жыл толды. Айтулы датаға орай, қылқалам шеберінің Алматыда 26 жыл тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.Н
ағымбек Нұрмұхаммедов 1924 жылы 6 қарашада Баянауыл өлкесінде дүниеге келген. Суретшінің бейнелеу өнерінің жауһары екені бір төбе болса, Отан соғысындағы ерлігі ел жадынан өшпейді. Бүгінгі салтанатты іс-шараға жиналғандар «қылқалам шебері өнері де, өмірі де өскелең ұрпаққа өнеге» деп еске алды.

"Әкем 1986 жылы өмірден озды. Оның атына берілген көше бұрыннан бар. Бүгін мемориалды тақта ашылып жатыр. Ұлы тұлғалардың есімін ұрпақ санасында мәңгі қалдыру үшін осындай іс-шара қажет деп ойлаймын. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Алматы қаласы әкімдігіне алғыс білдіргім келеді", – деді Н. Нұрмұхаммедовтің қызы Мара Нағымбекқызы.

"Н. Нұрмұхаммедов атындағы музейде республикалық симпозиум өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас талантты суретшілер еңбегін көрсетті", – деді Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің директоры Ақертіс Солтанбаев.

Сондай-ақ Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында қылқалам шеберінің көрмесі өтті. Салтанатты іс-шарада өнер майталмандары сөз сөйледі.

Айта кетейік, көрмеге суретшінің 100 жылдығына орай 100 туындысы қойылған. Түрлі тақырыпты қаузайтын картиналардың басым бөлігі музейде сақталған.

"Нағымбек Нұрмұхаммедов Қазақстан көркемсурет өнеріне 50-жылдары келген кескіндемешілердің буынына жатады. Бұл кісінің шығармашылығы тақырыптық және жанр ауқымдылығымен ерекшеленеді", – деді Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Самал Мамытова.

Оқи отырыңыз: Асық ату ойыны оғыз заманынан басталған: Кескен-Күйік қалашығынан құнды жәдігер табылды

Новости партнеров