Науқастың жағдайы өте ауыр: Атырау облысында 25 жастағы электрикті тоқ соқты

Туыстарының айтуынша, қызмет барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында бағана басында жұмыс істеп жатқан 25 жастағы электрикті тоқ соқты. Қазір апталдай азамат өлім мен өмір үшін күресіп жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сұмдық жағдай үш күн бұрын Көктоғай ауылында болған. 25 жастағы Еламан Сағиевты жұмыс барысында тоқ соғып, денесінің 5 пайызын күйік шалған. Қолы мен аяғы және ішкі ағзаларына қатты зақым келген. Туыстарының айтуынша, қызмет барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталмаған.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты апат көп қой, сондай кезде Көктоғайға шақырды. Түстен кейін сап сау кеткен. Екі жыл бұрын үйленген. Мамандығы сол электрик. Баламның денесін күйік шалған. Еш жағдай айтпай жатыр», – деді жұмысшының анасы Гүлшат Бисенова.

Зардап шеккен жігіттің туыстары «мұндай жағдай бұрын да болған» дейді Сондықтан тиісті мекеменің заңмен жазалануын талап етіп отыр.

«Он үш жыл туған інім тағы да осындай жағдайда көз жұмды. Онда да жауапсыз қалды. Енді мынадай жағдай. Өзімізесегіреп қалдық. Баламыздың аман-есен үйге оралуын тілеймін. Қол, аяғы бүтін болып келсінші деп отырмын», – деді жұмысшының туысы Талғат Сағиев.

Қазір жұмысшының жағдайы өте ауыр. Астанадан келген дәрігерлер бақылауға алып, санавициямен орталыққа апару жағын қарастырып жатыр.

«Науқастың жағдайы өте ауыр. Электра травма болғасын ішкі органдары қол-аяқтарының күйігі және өзгеріс болады. Қазіргі уақытта науқасты орталыққа аудару мәселесі жүріп жатыр. Республикалық санавиациянауқасты өз орталықтарына емін жалғастыруға алып кетуде. Қолы, басы, екі аяқтың саны мен балтыр тұсы күйген», – деді «Атырау облыстық ауруханасының» директоры Ербол Иманғалиев.

Ал Атырау-Жарық мекемесінің өкілдері өздеріне шаң жуытпады. Олар еңбек шартына байланысты барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталғанын алға тартады.

«Бізде барлық киім бар, бәрі нормативпен алынған, тексеруден өткізеді. Құзырлы органдар үстімізден қарап, қысы-жазы тексереді. Бірақ жұмыс жасап жатқанда жұмысшылар неге пайдаланбағанын тексеріс барысында белгілі болмақ», – деді энергиямен қамту мекемесінің директоры Мейірбек Ғұбашев.

Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган мән жайды майшаммен қарамақ. Ал зардап шеккен азаматтың туыстары бұл істі жылы жауып қоймаймыз деп отыр.

Оқи отырыңыз: Тіс емдеуге барып, көз жұмды: Астанада 3 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкім шығарды

Новости партнеров