«Наурыз» бағдарламалары: ипотекаға 200 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
Аlmaty.tv
Қазіргі уақытта кезекте 960 мыңнан астам азамат тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7,2 мыңға жуық пәтер сатып алынды, ал «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағдарламалары аясында 205,7 млрд теңге көлемінде қарыздар берілді. Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов тұрғын үй саласында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Спикер кезекте тұрғандарды есепке алу тетіктерін «Отбасы банкіне» беру процесті ашық етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі уақытта кезекте 960 мыңнан астам азамат тұр.
«Мемлекет тұрғын үйді жалға беру ісін субсидиялауды жалғастыруда, аталған шараны 11 мыңнан астам азамат пайдаланды, оған бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылдық мөлшерлеме 2% және 5%-бен 4,9 мың жеңілдетілген қарыз берілді», — деді Қуандық Қажкенов.
Оқи отырыңыз: Жоспар артығымен орындалды: елімізде 11 айда қанша тұрғын үй пайдалануға берілді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19