Назар аударыңыз — балалар!: Павлодарда балаларды тасымалдайтын автобустар тексерілді

Polisia.kz
Polisia.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты - балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда "Назар аударыңыз — балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол-техникалық инспекция қызметкерлері мектеп автобустарына арнайы тексеру жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты - балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Тексеру барысында инспекторлар автобустардың техникалық жай-күйіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, тежегіш жүйесінің жарамдылығы, жарық беру құрылғыларының жұмысы, қауіпсіздік белдіктерінің жағдайы, сондай-ақ дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштердің және апаттық тоқтау белгілерінің болуы мұқият тексерілді. Сонымен қатар жүргізушілердің балаларды тасымалдау қағидаларын сақтау деңгейі бақылауға алынып, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, әсіресе жылдамдық режимін бұзбау қажеттігін ескертті.

"Мұндай тексерулер тұрақты түрде өткізіледі. Негізгі мақсат - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қарабаев. Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жауапкершілік пен тәртіптен басталатынын атап өтті.

Ақпарат көзі Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы мектеп түлектерін қауіпті "кортеждерден" бас тартуға шақырды

Новости партнеров