Назарбаев университетіндегі студент өлімі - министр түсініктеме берді

Марқұмның отбасына моральдық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы Назарбаев университеті студентінің өліміне қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция департаменті тексеру басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Оқу орны өкілдерінің мәліметінше, қазір марқұмның отбасына моральдық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр.

«Тергеу жүргізілуде. Уәкілетті органдар осы мәселемен айналысып жатыр. Сондықтан, үлкен өтініш толыққанды ақпарат беріледі. Бірақ әзірше сол тергеу жұмысына уақыт беруіміз керек. Ақпараттар шыққан жағдайда ресми ақпарат айтылады», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Назарбаев университетіндегі студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын еске салайық.

Новости партнеров