Бақ сынаған 547 мектеп үйірмесінің ішінен 240 оқушы жүлдегер атанды
Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында 7–8 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Білім бәйгесінің шешуші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен жиналған 547 мектеп оқушысы қатысты. Төрт күнге созылған тартысты додада жас дарындар жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша білім деңгейлерін сарапқа салды. Нәтижесінде 240 оқушы үздік шығып, олимпиада жүлдегері атанды.
Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Дәулет, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен аймақтық орталықтардың өкілдері қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыстың басты мақсаты — оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды ерте жастан анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту. Сонымен қатар, бұл дода халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысатын ұлттық құраманы іріктеудің маңызды кезеңі болып табылады.
Қазылар алқасының шешімімен 45 оқушы I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталды, 76 оқушы II орынды (күміс) иеленсе, 119 оқушы III орынға (қола) табан тіреді.
Тартысты өткен командалық есептің қорытындысы:
Олимпиада қорытындысы еліміздегі дарынды балаларды қолдау жүйесінің тиімділігін және өңірлердегі білім сапасының жоғары деңгейін айқын көрсетті.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы зейнет жасы: 2026 жылғы жағдай