Тәртіп пен сыпайылық: Астанада полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары сапқа тұрды

Polisia.kz
Polisia.kz

Астанадағы №5573 әскери бөлімінде полиция мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қатысуымен жалпыгарнизондық таратылым өтті. Елордада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Астана қаласындағы №5573 әскери бөлімінің аумағында полиция жеке құрамы, тартылған күштер мен Ұлттық ұлан сарбаздарының қатысуымен жалпыгарнизондық таратылым өтті. Ауқымды шара мегаполистегі қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv телеарнасының тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Маңызды саптық шараға Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов және ІІМ Арнайы күштер пен жедел басқару департаментінің бастығы Сабыр Жүсіпбеков қатысып, жеке құрамның дайындығын пысықтады.

Бұл саптық тексеріс елордада өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында өткізіліп отыр. Оның негізгі мақсаты — тәртіп сақшыларының кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет ету және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қорғау қабілетін тексеру.

Тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілердің алдына Астана аумағында құқықтық тәртіпті нығайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша нақты міндеттер қойылды.

ІІМ басшылығы қоғамдық орындарда, әсіресе халық көп жиналатын демалыс аймақтарында қауіпсіздікті жіті қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, патрульдік қызметке кірісетін әрбір қызметкерге азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық таныту, заңдылық пен кәсіби этика талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ерекше ескертілді.

Читайте также: Білім бәйгесінің жеңімпаздары: Астанада 240 оқушы олимпиада жүлдегері атанды

Новости партнеров