«Қазгидромет» мамандары ертең күн райы тағы да құбылатынын айтты
Нөсер жауын, найзағай. Алматыда демалыс күндері ауа райы бұзылады. «Қазгидромет» мамандары ертең күн райы тағы да құбылмалы болатынын, найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндіз ауа температурасы 23-25 градус нөлден жоғары, ал түнде 14-16 градус жылы болады. Оңтүстік батыстан жел соғып, екпіні секундына 10 метрге дейін жетеді. Ал 25 мамырда құбылмалы бұлт күтіледі. Бірақ бұршақ жауып, ара-тұра жел соғуы мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 27 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
«Ыстық жаз Қазақстанның солтүстік өңірлеріне келе алмай жатыр. Елдің барлық аумағында найзағаймен жаңбыр жауған циклоннан кейін солтүстік антициклон ауыса бастайды, бұл батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. 25 мамырда БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО-да, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус аяз күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі кезінде қандай басты ережелерді есте сақтау керек