Нұрлы жер: Ақмола облысында ірі көлемде қаржы жымқырғандар анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ірі көлемде қаржы жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған. Тергеу барысында бірнеше жыл бұрын жергілікті құрылыс мекемесі мен мердігер арасында 500 млн теңгеден астам сомаға келісім жасалғаны белгілі болды.

Алайда қағаз жүзінде орындалды делінген жұмыстар іс жүзінде атқарылмаған. Үш жыл бойы құжаттарда жасанды есептер көрсетіліп, істердің көлемі мен құны әдейі көбейтілген. Нәтижесінде мемлекетке 152 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған. Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Үлескерлерді алдап келген: Қарағандыда құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Новости партнеров