Ойын алаңындағы төбелес: жасөспірімді соққыға жыққан тұрғын қоғамдық жұмысқа жегілді
Айыпталушы кінәсін толық мойындады
Қостанай облысында ер адам мен 16 жастағы жасөспірім арасындағы жанжал сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға Сатай ауылының балалар ойын алаңында болған. Сотта анықталғандай, жергілікті тұрғын жеке бас араздығы салдарынан кәмелетке толмаған баланың кеуде тұсынан бірнеше рет соққы жасаған.
Айыпталушы кінәсін толық мойындады.
«Сот отырысының қорытындысы бойынша ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сонымен қатар қоғамда өзін-өзі ұстай білуіне қатысты да ерекше талаптар қойылды. Сондай-ақ жәбірленушіге моральдық және материалдық шығын өтемақысын төлеу міндеттелді», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.
Оқи отырыңыз: Футбол клубының экс-президентіне іздеу жарияланды