Ойын-сауық орталығында биіктен секірген жеткіншектің ата-анасына айыппұл салынды

Ол ғимарат кіреберісіндегі аспалы төбені тесіп, жерге оңбай құлаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы ойын-сауық орталығында биіктен секіріп кеткен 14 жастағы жеткіншек стационарлық емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазір ол дәрігерлер бақылауында. Еске салсақ, оқушы сауда үйінің бірінде қабырғадағы жақтаудан секіремін деп құлап түскен. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада оның мысықтабандап алға қадам басқаны көрінеді. Нысан әкімшілігі ескерту жасағанымен жеткіншек елемеген. Ақырында, ғимарат кіреберісіндегі аспалы төбені тесіп, жерге оңбай құлаған. Жасөспірімнің ата-анасына балаға дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік айыппұл салынды.

«14 жастағы жасөспірім ата-ана қарауынсыз ойын-сауық орталығында қауіпсіздік талаптарын орындамай биіктен құлап, дене жарақатын алған. Медициалық тексеруден соң, ол ата-анасымен бірге үйіне жіберілген. Сондай-ақ бала тәрбиесіне тиісінше қадағаламаған ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ ойын сауық орталғындағы қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін құзіретті органдарға нұсқама жолданды», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Шахтинск қаласында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Новости партнеров