Шахтинск қаласында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның бесеуі полиция қызметкері. Белгілі болғандай, үй подъезіне газ иісі тарады деп тұрғындардан шағым түскен. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен тәртіп сақшылары бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісіпті. Осы сәтте полицейлерді байқаған 40 жастағы ер адам пәтердегі баллоннан әдейі газ шығарып, артынша от тұтатып, жарылыс жасаған.

Абырой болғанда, өте жоғары қауіпке қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктіні жедел ұстап үлгеріпті. Қазір зардап шеккен тұрғындар мен полицейлер ауруханада жатыр. Қолға түскен күдікті де ауруханаға жатқызылып, күзетке алынған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Қазіргі кезеңде 8 науқас ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімшесінде. Қалған науқастар бөлімшеде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ем шаралар алып жатыр», – деді ¤Х. Мақажанов атындағы Көпсалалы ауруханасы травматология  орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

Оқи отырыңыз: Атырауда сотталушылар арасында жанжал шығып, бірі оқиға орнында көз жұмды

Новости партнеров